«Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Дана» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Тіркелген мекен-жайы: Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы , Сағашилі ауылы, Әлия Молдағұлова көшесі 18 ғимарат
Ашылған уақыты: 2010 жыл
Бөбекжай меңгерушісі м.у.а: Ажибаева Зауре Куанышовна
Бөбекжай территориясының жалпы аумағы 171 кв м
Бөбекжай аумағы 0,2051 га
Ғимаратың салынған жылы 2011 жыл
Нысанның қызмет түрі: Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру
ұйымы
Қызметкерлер саны : 24
Сыйымдылығы 50 бала. Кіші топ — 25 бала ;
Орта топ — 12 бала;
Ересек топ— 13 бала
Қосымша ақпарат — «Дана» бөбекжай-бақшасы» МКҚК да қызметкер жұмыс жасайды, оның 8 педагог, 16 кіші қызметкер.
Бөбекжай педагогтерінің сапалық құрамы :
Білімі бойынша арнаулы орта – 4 , мектепке дейінгі жоғары білімді – 4,санаттары бойынша модератор – 4, санаты жоқ – 4 маман жұмыс жасайды.
Бөбекжайда ҚР денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 9 шілдедегі №59 бұйрығына сәйкес бала саны топтастырылған. Бөбекжай 100 % «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім» мамандықтары бойынша білім алған мамандармен қамтылған.Сыйымдылығы 50 бала, бөбекжайда 2 топ жұмыс жасайды. «Күншуақ » кіші тобы – 25; «Алтын балық» аралас тобында – 25; Тәрбиеленушілер «DARA BALA» электрондық ақпараттық порталынанан жолдама алып, Ұлттық білім беру деректер қорында электронды жүйемен тіркеледі. Күнделікті бала қатысымы «DARA BALA» электрондық табелі арқылы толтырылады.Балабақша 1 қабатты ғимарат, қосалқы шаруашылық ғимараты және балаларға арналған ойын алаңы бар.Басты ғимаратта 2
ойын бөлме, 2 жатын бөлме, 2 балаларға арналған әжетхана санитариялық торапқа қосылған,жылы сумен қамтылған. Бес білім дағдысын дамытуға арналған жабдықтандырылған бөлме бар. Психолог, әдіскердің, музыка маманының кабинеті қарастырылған.
Ас үй бөлмесі электр пештерімен, ауа сорғыш, тоңазытқыштармен жабдықталған.Кір жуу бөлмесі, автономды газ пеші, азық – түлік және тұрмыстық заттарды сақтайтын қойма қосалқы ғимаратта орналасқан. Жылу жүйесі автономды, ауыз су орталықтандырылған тораптан, кәріз жүйесі аулада қауіпсіз жерде орналасқан, санитариялық талаптарға сай. Медициналық лицензиясы бар кабинет бар, жоғары санатты маманмен қамтылған.
